«Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында «Ақ қанат» ортаңғы тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Міндеттері: 1. Дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы балалардың сөздік қорларын байыту. 2. Сан, уақытты бағдарлау туралы білімдерін бекіте отырып, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту. 3. Ғарыш әлеміне балалардың қызығушылықтарын арттыра отырып, ғарышкерлерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалар ЖИ тапсырмалары, дидактикалық ойындар, шығармашылық тапсырмалар орындап, қызықты эксперимент те жасады. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өте жоғары деңгейде өтті. Тәрбиеші: Саудан С.Е



