«Су асты әлеміне саяхат» тақырыбында «Ақ көгершін» ересек тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Міндеті: Жанды табиғат мекендеушілер су асты әлеміне саяхат жасай отырып, білімдерін кеңейту. Қарапайым дербес тәжірибе іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін дамыту. Табиғатқа, тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелей отырып, жыл мезгілдері, сан және санау, кеңістікті бағдарлау, тәулік бөліктері туралы білімдерін жетілдіру. Қол моторикасын шығармашылық арқылы дағдыландыру. Қоршаған ортаны, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Балалар су асты әлеміне саяхат жасап, сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.
Тәрбиеші: Дакебаева К.М.



