Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ақ бота» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да 08.04.2026 ж күні «Үздік тәрбиеші» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру. Озық педагогикалық тәжірибені насихаттау. Шығармашылық әлеуетін дамыту. Конкурс 5 кезеңнен өтті.
Конкурс кезеңдері мен шарттары
1-кезең. Таныстыру
-Тәрбиеші өз-өзін таныстырады.
-Мамандыққа деген сүйіспеншілігі, ұстанымы.
2-кезең. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданылатын тиімді әдіс-тәсіл. (мастер класс)
-Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану.
-Тәрбиешінің шеберлігі.
3-кезең. Шығармашылық тапсырма (үй тапсырмасы)
-Қолдан жасалған көрнекілік немесе дидактикалық ойындар.
4-кезең. Кім тапқыр?
-Педагогикалық ситуация, сұрақ-жауап.
5-кезең. Өнерлі өрге жүзеді
-Әр қатысушы өз бойындағы өнерлерін көрсету.
-Тәрбиеші өз өнеріне қарай киім үлгілерін киюге болады.
Конкурсқа Рахимова Айдана Дулатқызы, Рахимбаева Ботагөз Муслимқызы , Дакебаева Кульсара Макековна, Саудан Сандуғаш Ержанқызы, Нургалиева Гүлназ Бахтаулетовна қатысты. Саудан Сандуғаш Ержанқызы «Үздік тәрбиеші» атанып, Дакебаева Кульсара Макековна жүлделі І орын алды. ІІ орынды Рахимбаева Ботагөз Муслимқызы иеленіп, ІІІ орынмен Рахимова Айдана Дулатқызы, Нургалиева Гүлназ Бахтаулетовна марапатталды.



